Бұған дейін Португалия аталған трофейді 2019 жылы жеңіп алған болатын
Португалия құрамасы Ұлттар лигасын араға алты жыл салып, қайта жеңіп алды. Ал осы құраманың капитаны Криштиану Роналду матчтан кейін тілшілерге ағынан жарылып, эмоциясымен бөлісті.
«Мен өте бақыттымын. Ең алдымен — Португалия футболының осы буынындағы жігіттер үшін қуаныштымын. Олар бұл титулға лайық еді. Португалия үшін жеңіске жету – бұл ерекше нәрсе. Менде көптеген титул бар, бірақ елің үшін жеңіске жету – бәрінен де артық. Көзден жас сол үшін шықты. Бұл – отан алдындағы борыштың өтеуі… Бұл – керемет. Бұл – біздің ұлт. Біз – шағын халықпыз, бірақ ұлы мұратымыз бар. Мен көптеген елдерде өмір сүрдім, әртүрлі клубтарда ойнадым, бірақ Португалия туралы сөз болғанда – бұл ерекше сезім. Осы буынның капитаны болу – бұл мақтаныш. Финалдағы жеңіс – ұлттық құрама үшін әрқашан биік шың», – деп келтіреді Роналдудың сөзін Marca басылымы.
Криштианумен бірге Португалия құрамасы бұл турнирде екінші рет жеңіске жетті. Алғашқы жеңісті португалдықтар 2019 жылы тойлаған. Сол кезде Нидерланды құрамасын 1:0 есебімен жеңген еді.
Футболшы айтқандай, Португалия шағын мемлекет. Халқының саны 10 млн.