Жарнама
Жарнама
Реклама
Реклама

«Бавария» жұлдызы Зайнутдиновтің басты қарсыласы атанды

Редактор
12.06.2025, 00:02

Енді екеуі Түркия Суперлигасының чемпиондығына таласады

Getty Images

Танымал футбол инсайдері Фабрицио Романо Германия құрамасы мен «Бавария» шабуылшысы Лерой Сане «Галатасарайға» ауысқанын мәлімдеді.

«Лерой Сане «Галатасарайда»! Жаңа ғана үш жылдық келісім жасалды. Сане «Бавариядан» кетіп, медициналық тексерістен өту және келісімшартқа қол қою үшін Ыстамбұлға аттанды. Жаңалық бүгін таңертең расталды», - деп жазды журналист өзінің Х желісіндегі парақшасында.

Биылғы маусымда Сане Мюнхен клубының сапында 45 матч өткізіп, 13 гол соқты және алты нәтижелі пас берді. 

Айта кетейік, Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы Бахтиер Зайнутдинов «Галатасарайдың» ішкі чемпионаттағы басты қарсыласы – «Бешикташта» өнер көрсетеді.

Реклама
Реклама
Реклама
Реклама