Асхат Тағыбергенге ерекше құрмет көрсетілді (ВИДЕО)

Редактор
11.06.2025, 23:45

Ол ұлттық құрама сапында алғаш рет 2014 жылы дебют жасаған еді

Тобыл ФК

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының капитаны Асхат Тағыбергенге өзі өнер көрсететін «Тобыл» клубы құрмет көрсетті.

Солтүстік Македониямен өткен ойыннан соң ұлттық құрамамен қоштасқанын мәлімдеген Тағыберген Қостанайға оралды. Ұжым экс-капитанға құрмет көрсетіп, Асхатқа 8 саны белігенген ұлттық нақыштағы шапан сыйлады. 

Өз кезегінде Тағыберген әріптестеріне алғысын білдіріп, енді бар күш-жігерін клубқа арнайтынын жеткізді.

Тағыберген ұлттық құрама жейдесінде 63-матч өткізді. Ол Қазақстан ұлттық құрамасында алғашқы рет Юрий Красножанның жетекшілігімен 2014 жылғы 7 маусымда Будапештте Венгрия құрамасына қарсы жолдастық матчта дебют жасады. Ал 2023 жылы Дания құрамасының қақпасына алыстан соққан голымен ұлттық құрамадағы алғашқы голын тіркеді. Дәл осы голы Пушкаш сыйлығына үміткер болды.