53 жастағы Капурды бойына араның уы бірден тарап, есінен танып қалған
Үндістандық белгілі миллиардер, ханзада Уильямның досы Санджай Капур Ұлыбританияда поло ойыны кезінде қайтыс болды. Mirror басылымының мәліметінше, ол ара жұтып құйған.
«Ханзада Уильямның досы поло ойыны кезінде ара жұтып қойып, жүрек талмасынан қайтыс болды», – делінген ресми мәлімдемеде.
Басылым дерегінше, 53 жастағы Капурды шаққан араның уы оның бойына бірден тарап, есінен танып қалған.
Қайғылы жағдайдан бірер сағат бұрын үнді кәсіпкері Air India әуе компаниясының ұшақ апатынан қаза тапқандарды еске алып, құрмет көрсеткен болатын.
Санжай Капур үш баланың әкесі: Болливуд жұлдызы Каришма Капурмен некеден туған 20 жастағы қызы Самайра мен 14 жастағы ұлы Киан, сондай-ақ екінші әйелі, сәнбике Прийя Сачдевтен туған жеті жасар ұлы Азариас бар.