«Қайсар» құрамынан жазғы трансферде бірнеше ойын кетпекші
Қызылорданың «Қайсар» құрамынан жазғы трансферде бірнеше ойын кетпекші. Футбол инсайдерлерінің мәліметінше, мәселенің бәрі қаржыға келіп тіреліп тұр.
Қазіргі кезде Айбар Жақсылықов, Думан Нәрзілдаев, Айбол Әбікен, Қуаныш Қалмұратов секілді ойыншыларға өзге клубтардан ұсыныс түскен. Футболшылар ойланып, кейбіреуі кетуге шешім қабылдаған. Өйткені ойыншыларға клуб басшылығы маусым басында уәде еткен сыйақыларын бере алмай жатыр.
Айта кетейік, жақында Қызылорда облысының спорт басқармасының басшысы Бақтияр Артаев жанкүйерлермен кездесуде клуб құрамын күшейтеміз деп уәде еткен еді. Ол «Қайсар» сапында отандыұ үздік футболшылардың бірнешеуін шақырамыз деген айтқан.
Еске салсақ, биыл «Қайсар» тек қазақстандық футболшылармен өнер көрсетіп жатыр. Команда премьер-лигада тоғызыншы орында келе жатыр.