Әдетте футболшылардың құны 26 жастан кейін төмендей бастайды
Өзбекстандық шабуылшы Элдор Шомуродовтың бағасы қымбаттады.
UPL дерегінше, бұған дейін 4 миллион еуроға бағаланып келген Элдор енді 5 миллион еуро тұрады.
Әдетте футболшылардың құны 26 жастан кейін төмендей бастайды. Ал 29 жастағы Шомуродовтың қымбаттауы оның әлем чемпионатына іріктеу кезеңдерінде сәтті өнер көрсетуімен де байланысты болса керек.
Айта кетейік, Шомуродов биылғы маусымда «Рома» сапында барлық турнирде 37 матч өткізіп, 12 нәтижелі пас берді. Сонымен қатар ақпан және сәуір айларының үздік ойыншысы атанды.