Ақтау әкімі Нұралы Әліпке алғыс айтты

Редактор
18.06.2025, 14:30

Сондай-ақ футболшыға Ақтау халқының атынан сыйлық табыстады

Ақтау әкімдігі

Бүгін Ақтау қаласының әкімі Әбілқайыр Байпақов Қазақстан ұлттық құрамасы мен Ресейдің «Зенит» футбол клубының қорғаушысы, Ақтау қаласының тумасы Нұралы Әліппен кездесті.

Қала әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлағандай, кездесуде қала әкімі Нұралы Әліптің жеткен жетістігін айтып, ақтаулықтар атынан танымал футболшыға құрмет көрсетті.

«Сізді өмірге әкелген ата-анаңызға алдымен алғысым шексіз. Қазақтың абыройын футбол арқылы асқақтатып, Ақтау қаласының беделін биіктен түсірмей келе жатырсыз. Сәттілік серігіңіз болсын», – деді қала әкімі Әбілқайыр Байпақов.

Кездесу соңында қала әкімі футболшыға Түркі әлемінің астанасы атанған Ақтау халқының атынан естелік сыйлық табыстады. Өз кезегінде Нұралы Әліп әкімге «Зенит» клубының ойыншылары қол қойған естелік жейдені сыйға тартты.

Материалда: