Георгий Жуков 2014–2015 жылдары «Астана» клубының намысын қорғады
Қазақстан құрамасының және Польшаның «Пуща» клубының жартылай қорғаушысы Георгий Жуков BorodAbata.kz сайтына берген сұхбатында бір кездері ұлттық құрамада ойнау үшін үшін ақша ұсынылғанын айтты.
«Астанада» жүргенде маған ақша ұсынып, ұлттық құрамада ойнауға көндірмек болды. Бірақ мен ол ақшаны алған жоқпын. Сомасы тәп-тәуір еді, өзіңіз көріп тұрғаныңыздай, мен құрамада ақша үшін жүрген жоқпын. Сол кезде де қаражаттан бас тартқанмын, бірақ бәрібір ұлттық құрамада ойнап жүрмін. Бұрын бұл туралы ашық айтқан емеспін, өзіңіз сұраған соң айтайын: иә, бұл шындық. Қазір де құрамада тегін ойнап жүрмін», — деді Жуков.
Еске сала кетсек, Георгий Жуков 2014–2015 жылдары «Астана» клубының намысын қорғады. Қазір ол Польша чемпионатында өнер көрсететін «Пуща» командасының ойыншысы және үш жылдық үзілістен кейін Қазақстан құрамасына қайта оралды.