Ақ үйге ұжым алты футболшыдан құралған шағын құраммен барған
АҚШ президенті Дональд Трамп Италияның «Ювентус» клубының өкілдерін Ақ үйде қабылдады. Қазіргі уақытта италиялық клуб Америка Құрама Штаттарында клубтық әлем чемпионатына қатысып жатыр.
«Ювентус» пен Трамп кездесуі италиялықтардың клубтық әлем чемпионатындағы «Әл-Айнға» қарсы алғашқы ойынының қарсаңында өтті. Ақ үйге ұжым алты футболшыдан құралған шағын құраммен барған (олардың қатарында америкалықтар Тимоти Веа мен Уэстон Маккенни), бас бапкер Игор Тудор және клуб басшылығынан «Ювентус» иесі Джон Элканн, стратегия жөніндегі директор Джорджо Кьеллини, бас директор Маурицио Сканавино және бас менеджер Дамьен Комолли.
Сондай-ақ кездесуге ФИФА президенті Джанни Инфантино да қатысқан. Қонақтар Трампқа есімі мен 47-нөмір жазылған жейделер тарту етті. «Ювентустың» сыйлаған жейдесіне команда ойыншыларының қолтаңбасы қойған.
Ақ үйдегі кездесуден кейін «Ювентус» «Ауди Филд» стадионында «Әл-Айнмен» кездесіп, қарсыласын 5:0 есебімен ойсырата жеңді.