Андрей Канчельскис Қазақстан футболының негізгі проблемасын атап көрсетті
«Манчестер Юнайтед» клубының бұрынғы ойыншысы және «Тобыл» командасының экс-басшысы Андрей Канчельскис Қазақстан футболының негізгі проблемасын атап көрсетті. Сондай-ақ Өзбекстан ұлттық құрамасының 2026 жылғы әлем чемпионатына қалай шыққанын айтты. Бұл туралы BorodAbata.kz жазды.
«Қазақстанға сапалы инфрақұрылымның жетіспейтіні айқын. Федерацияда футболдан алыс адамдар жұмыс істейді. Бір топ тұлға бірнеше (5-6) команданы бақылауда ұстайды, бұл еліміздегі футболдың дамуына кедергі келтіреді. Мұны барлығы біледі, бірақ ешкім ашық айтпайды. «Менің үйім шетте, мен ештеңе білмеймін» дегендей бейқамдық танытады.
Қазіргі таңда футболға біліксіздер, дилетанттар келіп жатыр. Мен де «Тобылда» осындай адамдармен кездесіп, Санжар Сейітқазинов пен Әлімжан Қалдияровты байқадым. Олар спорт саласында үлкен қиындықтар туғызады. Жоғары деңгейде де футболға мүдделі емес, тек қаржы көздейтін адамдар бар. Қазақстан олардан арылғанда ғана нақты нәтиже шығады. Неден қорқу керек? Неге бұл мәселелерді ашық талқыламаймыз? Қостанай облысының әкімі қайда қарап отыр?
Өзбекстанда футболдан жемқорлар пен алаяқтарды алып тастағаннан кейін нәтижелер бірден көріне бастады. Ұлттық құрама әлем чемпионатына алғаш рет шықты. Бұған дейін жасөспірімдер командалары Азия мен әлем деңгейінде жақсы жетістіктерге жетті. Қазақстан да осы бағытта жұмыс істеуі қажет. Шынайы футбол мамандары көбейгенде ғана нәтиже болады. Ал клубқа ақша табу үшін келгендерден нәтиже шықпайды, — деді Канчельскис.
Андрей Канчельскис 2023 жылы Қазақстанда қызмет атқарған.