КФФ президенті қазақ тілін қашан үйренетінін айтты

Редактор
02.07.2025, 10:01

Марат Омаров қазақ тілін меңгеруге уәде берді

ҚФФ

Қазақстан футбол федерациясының президенті Марат Омаров қазақ тілін меңгеруге бел буғанын мәлімдеді. Бұл туралы ол Үкімет кулуарында BAQ.kz-ке берген сұхбатында айтты.

«Әрине, біраз уақыт керек. Тәжірибе қажет. Бірақ мен бір жылдың ішінде еркін сөйлей алатыныма сенемін. Қазақ тілінде сұхбат беретін боламын. Осы ретте маған көмектеріңіз қажет», – деді Марат Омаров.

Бұған дейін Марат Омаров бас бапкер Әли Әлиевтің ұлттық құрамадағы тағдыры алдағы үш ойынға тікелей байланысты екенін айтты.

Материалда: