Еркебұлан Тұңғышбаев «Ордабасы» сапында 212 матч өткізіп, 31 гол соқты
30 жастағы жартылай қорғаушы Еркебұлан Тұңғышбаев Шымкенттің «Ордабасы» клубы тарихындағы Премьер-лигадағы ең көп матч өткізген футболшы болып тіркелді. Осылайша ол бұрынғы көшбасшы Мұхтар Мұхтаровты артқа тастады.
Шымкент футболының түлегі саналатын Еркебұлан Тұңғышбаев Қазақстан Премьер-лигасында 2014 жылдың 22 наурызында «Ордабасы» сапында дебют жасаған. Ол сол ойында команда капитаны Қайрат Әширбековты алмастырып, «Астанаға» қарсы (0:1) алаңға шыққан болатын.
Бүгінгі күнге дейін Еркебұлан Тұңғышбаев «Ордабасы» сапында 212 матч өткізіп, 31 гол соқты. Сондай-ақ ол мансабында «Қайрат» (24 ойын) пен «Ақсу» (25 ойын, 8 гол) клубтарында да өнер көрсетті. Жалпы алғанда, Қазақстан Премьер-лигасында 261 матч өткізіп, 39 голдың авторы атанды.
«Ордабасының» Премьер-лига тарихында рекорд жасағандар (1999–2025, 07.07.2025 жағдай бойынша):
Еркебұлан Тұңғышбаев — 212 матч
Мұхтар Мұхтаров — 211 матч
Азат Нұрғалиев — 204 матч
Қайрат Әширбеков — 202 матч
Абдуллай Диакате — 185 матч
Бекзат Бейсенов — 181 матч