Алайда аталған аренада ALEM FEST музыкалық фестивалі ұйымдастырылады
Футболдан Қазақстан Премьер-лигасының 16-турында «Жеңіс» пен «Жетісу» арасындағы матч 13 шілдеде Павлодарда өтеді. Бастапқыда ойын Астанада ұйымдастырылуы тиіс еді.
«Жеңіс» футбол клубы Қазақстан Премьер-лигасының 16-туры аясындағы «Жетісуға» қарсы кездесу өтетін күн мен орны өзгергені туралы ресми түрде хабарлады.
Алғашында матч 12 шілде күні сағат 18:00-де елорданың «Астана Арена» стадионында өтуі тиіс еді. Алайда аталған аренада ALEM FEST музыкалық фестивалі ұйымдастырылуына байланысты кездесу Павлодарға ауыстырылды.
Жаңартылған мәліметке сәйкес, матч 13 шілдеде «Орталық» стадионда өтеді. Басталуы - сағат 18:00. Көрермендер үшін кіру тегін.
Айта кетейік, елордалық командалар бұған дейін де мұндай жағдайға тап болған. Себебі «Астана Арена» стадионы спорттық шаралармен қатар мәдени іс-шаралар да жиі өтетін орынға айналған.