Жарнама
Жарнама
Реклама
Реклама

«Қош келдің, күйеу бала!»: Рамазан Оразов Қазақстанға оралды

Редактор
09.07.2025, 17:12

27 жастағы жартылай қорғаушының трансферлік құны - 350 мың еуро

ҚФФ

Қазақстан ұлттық құрамасының жартылай қорғаушысы Рамазан Оразов ресми түрде Данияның «Силькеборг» клубынан Қазақстан Премьер-Лигасында өнер көрсететін семейлік «Елімай» командасына еркін агент ретінде ауысты. Бұл туралы клубтың баспасөз қызметі мәлім етті.

«Мансабының маңызды бөлігін «Қайрат», «Ақтөбе» қатарында өткізген ойыншы қазақтың Модричі атымен кеңінен танымал. Словениялық «Копер» мен Дания біріншілігінде ойнау тәжірибесі бар ойыншыға туған еліне қош келдің дейміз! Оның үстіне Рамазан Оразовтың жұбайы Абай облысының, Ақсуат ауданынан екенін айтқымыз келеді. Қош келдің, күйеу бала!», - делінген «Елімай» футбол клубының ақпаратында.

Еске салсақ, қазақстандық футболшы 2024 жылдың жазында «Тоболдан» Дания чемпионатына аттанған еді. «Силькеборг» сапында 24 матч өткізіп, үш гол соқты. Бұған дейін 2024 жылдың қаңтарында «Копермен» келісімшартын мерзімінен бұрын тоқтатқан болатын.

Қазақстан құрамасында Оразов 2021 жылғы 31 наурызда Украинаға қарсы 2022 жылғы әлем чемпионатының іріктеу ойынында дебют жасап, жалпы 31 матчта бір голмен көзге түсті.

Transfermarkt порталы 27 жастағы жартылай қорғаушының трансферлік құнын 350 мың еуроға бағалап отыр.

Реклама
Реклама
Реклама
Реклама