Жарнама
Жарнама
Реклама
Реклама

«Қаптаған алаяқ»: «Антверпен» жанкүйерлері өзбек ойыншысының трансферіне наразы

Редактор
10.07.2025, 20:37

Жанкүйерлер белгісіз ойыншыны 500 мың еуроға сатып алуға қарсы шыққан

anhor.uz

Бельгияның «Антверпен» футбол клубының жанкүйерлері өзбекстандық жас шабуылшы Мухаммадали Уринбоевтің командаға ауысуына наразылығын білдіріп жатыр.

Клубтың әлеуметтік желідегі парақшаларында жанкүйерлер бұл ойын команда басшылығына, әсіресе спорт директоры Марк Овермарсқа ашық жеткізген. Олардың айтуынша, белгісіз ойыншыны 500 мың еуроға сатып алу – ақылға қонбайтын шешім.

Желі қолданушылары: «Қаптаған алаяқ», «Әуесқойлар», – деген сыңайдағы пікірлер жазған.

Жанкүйерлер ең алдымен ойыншының жасы мен тәжірибесіне күмән келтіреді. Сөздерінше, 20 жастағы футболшының танымалдығы жоқ, жеткен жетістігі де мардымсыз. Сол себепті олар мұндай қаржыға әлеуеті зор футболшыны алуға болар еді деп есептейді.

Бұған қоса, жанкүйерлердің ашу-ызасы бір ғана трансфермен шектелмейді. Бұған дейін клубтың негізгі қорғаушысы Жель Батай командадан еркін агент ретінде кетіп қалған болатын. Бұл жағдай да басшылыққа деген сенімге сызат түсірген.

Реклама
Реклама
Реклама
Реклама

Материалда: