Жарнама
Жарнама
Реклама
Реклама

«Ордабасы» еурокубоктарда тарихи нәтижеге қол жеткізді

Редактор
Бүгін, 09:27

Клуб өз тарихында алғаш рет қарсылас алаңында үш гол соқты

"Ордабасы" ФК

Шымкенттің «Ордабасы» клубы Еуропа аренасында тарихи жетістікке қол жеткізді.

Клуб өз тарихында алғаш рет еурокубоктық матчта қарсылас алаңында үш гол соқты. Бұған дейін команда сырт алаңда екі голдан артық соқпаған еді. 2025/26 маусымындағы Конференция лигасының алғашқы іріктеу кезеңінде «Ордабасы» Грузияның «Торпедо» командасының қақпасына үш доп енгізгенімен, матч соңында 3:4 есебімен жеңіліп қалды.

Айта кетейік, биылғы еурокубок маусымында Қазақстан атынан «Қайрат» (Чемпиондар лигасы, бірінші кезең), «Ақтөбе» (Еуропа лигасы, бірінші кезең) және «Астана» (Конференция лигасы, екінші кезең) да өнер көрсетеді.

Реклама
Реклама
Реклама
Реклама

Материалда: