Жарнама
Жарнама
Реклама
Реклама

Қазақстан УЕФА рейтингінде өз орнын сақтап қалды

Редактор
11.07.2025, 16:50

Қазақстан УЕФА коэффициенттер кестесінде 39-орында

ҚФФ

Қазақстан еурокубоктардың іріктеу кезеңіндегі алғашқы ойындар қорытындысы бойынша УЕФА коэффициенттер кестесінде 39-орында қалды. Бұл туралы Meta-ratings.kz жазды. 

Еурокубоктардың бірінші іріктеу кезеңінің алғашқы матчтарынан кейін Қазақстан УЕФА коэффициенттер рейтингінде бұрынғы орнын сақтап қалды. Қазіргі уақытта еліміздің көрсеткіші 10.250 балды құрайды.

Еске салайық, Чемпиондар лигасының бірінші іріктеу кезеңінде Алматының «Қайраты» Словенияның «Олимпия» командасымен сырт алаңда тең ойнады (1:1). Еуропа лигасының іріктеу кезеңінде «Ақтөбе» Польшаның «Легия» командасына есе жіберді (0:1), ал Конференция лигасында «Ордабасы» Грузияның «Торпедо» командасымен нәтижелі кездесуде жеңіліс тапты (3:4).

УЕФА коэффициенті биылғы еуромаусымдағы орташа нәтиже (жиналған ұпайлар қатысушы клубтар санына бөлінеді) мен соңғы төрт маусымның көрсеткіштерінің қосындысы ретінде қалыптасады. Ұпайлар тең болған жағдайда соңғы маусымда жоғары нәтиже көрсеткен ассоциацияға басымдық беріледі.

УЕФА рейтинг кестесі мынадай:

  1. Финляндия – 10.625
  2. Косово – 10.458
  3. Қазақстан – 10.250
  4. Фарер аралдары – 8.500
  5. Мальта – 7.500
  6. Лихтенштейн – 7.500
Реклама
Реклама
Реклама
Реклама