«Бешикташ» Зайнутдиновті кем дегенде 4 миллион еуроға сатуға дайын
Мәскеудің «Динамосы» Қазақстан құрамасы мен «Бешикташ» клубының қорғаушысы Бахтиер Зайнутдиновті 2 миллион еуроға сатып алуды көздеген. Бұл туралы Bookmaker-ratings.ru мәлімдеді.
«Динамо» сол жақ қорғаушы позициясын жабуды жоспарлаған. Алайда бұл сома түрік клубының көңілінен шықпаған. Басылым мәліметінше, «Бешикташ» Зайнутдиновке қатысты ұсыныстарды кем дегенде 4 миллион еуродан басталса ғана қарастыруға дайын.
27 жастағы Бахтиер Зайнутдинов Түркияға ауысқанға дейін Ресейдің «Ростов» (35 матч, 4 гол, 2 ассист) және ЦСКА (83 матч, 7 гол, 8 нәтижелі пас) клубтарының сапында өнер көрсеткен. Түркияда өткен маусымда ол жарақат алып, небәрі 12 ойын өткізіп, бәр нәтижелі пас берген.
Футболшының «Бешикташпен» келісімшарты 2027 жылдың 30 маусымына дейін жарамды.