25 жастағы вингер соңғы екі жарым жылын «Астана» клубында өткізді
Қазақстандық жартылай қорғаушы Эльхан Астанов «Ордабасы» сапына қайта оралды. Ақпаратты шымкенттік клубтың баспасөз қызметі ресми түрде растады.
25 жастағы вингер соңғы екі жарым жылын «Астана» клубында өткізді. Алайда елордалық командада тұрақты ойын тәжірибесіне қол жеткізе алмады.
Эльхан «Астана» құрамында барлық турнирді қоса есептегенде 75 матч өткізіп, 10 гол соқты және 3 нәтижелі пас берді.
Ал кәсіби мансабын бастаған «Ордабасы» клубында ол 2023 жылдың басына дейін ойнаған. Бұл команда сапында 81 матчқа қатысып, 12 гол соғып, 14 нәтижелі пас авторы атанды. Енді ол «Ордабасында» туған ағасы Сұлтанбек Астановпен бірге бір командада өнер көрсететін болады.
Айта кетерлігі, 13 шілде күні, яғни ертең «Ордабасы» мен «Астана» командалары ҚПЛ-ның 16-турындағы орталық матчта кездеседі.
Сондай-ақ Эльхан Астановтың Қазақстан құрамасы сапында 19 матчта 1 гол соғып, 1 нәтижелі пас бергенін атап өткен жөн.