Жарнама
Жарнама
Реклама
Реклама

ҚФФ төрешілердің «өтірік» пенальтиіне қатысты мәлімдеме жасады

Редактор
14.07.2025, 16:16

«Тұран» – «Қызылжар» ойынына байланысты қызметтік тексеріс басталған

ФК «Тұран»

Қазақстан футбол федерациясының жарыстар қауіпсіздігі және интегрити қызметінің жетекшісі Асхат Мэлс «Тұран» – «Қызылжар» ойынына байланысты ішкі қызметтік тексеріс жүріп жатқанын мәлімдеді.

«Қазіргі уақытта Қазақстан футбол федерациясының жарыстар қауіпсіздігі және интегрити қызметі төрешілер Құмашев пен Чеховскийдің келісілген матчтарға қатысы бар-жоғын анықтау үшін ішкі қызметтік тергеу жүргізіп жатыр. Ал«Тұран» және «Қызылжар» футбол клубтарына қатысты материалдар құқық қорғау органдарына жолданып, түпкілікті шешім қабылдау үшін қаралады.

Айта кету керек, жарыстар қауіпсіздігі және интегрити қызметі Бірінші лига, Премьер-лига, Екінші лига және әйелдер лигасы матчтарының нәтижелерін манипуляциялау фактілерін анықтау бойынша тұрақты түрде жүргізіп келеді», - дейді Асхат Мэлс.

Айта кетейік, ҚФФ Төрелік және инспекция департаментінің директоры Нуну Алешандре Паррейра де Каштру Қазақстан Премьер-лигасының 16-туры аясында өткен «Тұран» - «Қызылжар» матчындағы төрешінің даулы шешіміне байланысты ресми түсініктеме жасады.

Төрелік және инспекция департаменті қоғамда үлкен резонанс тудырған эпизодты қарап, бас төреші Тимур Кумашев пен видеокөмекші Георгий Чеховскийдің келісілген ойындарға қатысы болуы мүмкін деген ҚФФ Интегрити офицерінің мәліметін зерттеді.

Реклама
Реклама
Реклама
Реклама