Жарнама
Жарнама
Реклама
Реклама

20 мың доллар: Ламин Ямаль туған күніне бойжеткендерді ақша беріп шақырған

Редактор
15.07.2025, 12:45

Ламин Ямаль 13 шілдеде 18 жасқа толды

Getty images

Испаниялық модель Клаудия Кальво «Барселонаның» жас жұлдызы Ламин Ямальдің 18 жасқа толуына арналған кешке қатысу үшін өзіне мыңдаған еуро ұсынылғанын айтты.

Бойжеткеннің айтуынша, оны жұлдызды футболшының кәмелеттік жасқа толуына байланысты ұйымдастырылған «құпия кешке» шақырған. Қыздарға қойылған басты талап – сырт келбет және құпиялылықты сақтау.

«Олар көбіне бойжеткендердің сыртқы келбетіне – шаш түсі мен кеуде өлшеміне назар аударды. Маған ұсынылған нақты сома – 10 мыңнан 20 мың еуроға дейін (шамамен 12 миллион теңге)», – деп келтіреді оның сөзін 20minutos басылымы.

Кальвоның айтуынша, ұсынысқа тағы бірнеше шарт та енгізілген.

«Телефон пайдалануға болмайды. Камераға тыйым салынады. Есірткі заттарына рұқсат жоқ. Ұшақ билеті, қонақүй, тамақ және аралда кешке дайындық кезінде жұмсалатын кез келген шығынның бәрі қамтылған. Іс-шара өтетін нақты орын кеш басталардан бірнеше сағат бұрын ғана хабарланады. Құпиялылық – міндетті шарт», – деді ол.

Модельдің бұл мәлімдемесі әлеуметтік желіде қызу талқыға түскен соң, Клаудия Кальво жаңа мәлімдеме жасап, өз аккаунттарына кибершабуыл жасалғанын айтты.

«Сағат 22:26-да маған электронды хат келді. Әлеуметтік желідегі бірнеше аккаунтымды бұзып кіруге әрекет жасалған. Менің ойымша, мұны Ламин Ямальдің айналасындағы біреулер жасаған», – дейді Кальво.

Айта кетейік, Ламин Ямаль 13 шілдеде 18 жасқа толды. БАҚ дерегінше, жабық кеште бойжеткендер көп болған. Transfermarkt нұсқасы бойынша, Ламин Ямаль – әлемдегі ең қымбат футболшы. 2024/2025 жылғы маусымда ол «Барселона» сапында 55 матч өткізіп, 18 гол соғып, 25 нәтижелі пас берген. Команда Чемпиондар лигасының жартылай финалына жетіп, Испания чемпионатын, кубогын және суперкубогын жеңіп алған.

Реклама
Реклама
Реклама
Реклама