Бұл – «Ордабасы» президентінің отставкасы туралы екінші рет тараған қауесет
Күні кеше шымкенттік «Ордабасы» футбол клубының президенті Бауыржан Абдубаитов қызметінен босады деген ақпарат тараған болатын. Клубтың Instagram-парақшасында бұл ақпараттың жалған екені ресми айтылды.
«Клубымыздың және президент Бауыржан Әбдубаитовтың айналасындағы болжамдарды тағы да жоққа шығаруымызға тура келіп тұр. Басшылықта ешқандай өзгерістер болмады, жаспарда да жоқ. Қаламыз бен командамыздың ынтымақтастығы бұрынғыдан да артуда, ал бар назарымыз - мақсаттарымызға жетуде және еурокубоктар мен ішкі жарыстарда сәтті өнер көрсетуімізде», - делінген аталған хабарламада.
Айта кету керек, бұл – «Ордабасы» президентінің отставкасы туралы екінші рет тараған қауесет. Былтыр желтоқсан айында да Абдубаитов қызметінен босады деген ақпарат тараған болатын.