«Ордабасының» сенегалдық қорғаушысы командадан кетіп қалды

Редактор
18.01.2024, 11:03

Ол шымкенттік клубпен бірге Қазақста чемпионы болған

Ордабасы ФК

Шымкенттік «Ордабасы» футбол клубының қорғаушысы болған сенегалдық легионер Мамаду Мбодж басқа командаға ауысатын болды. Бұл туралы спорт комментаторы Ермұхамед Мәулен өзінің Telegram-парақшасында мәлімдеді.

Әзірге Сенегал футболшысының қай клубқа баратыны белгісіз. Нақтысы – ол Шымкенттен кетіп қалған. 

«30 жастағы футболшы шымкенттік ұжымға өткен маусымның алдында келіп қосылды. Содан бері қорғаушы ҚПЛ барлығы 23 ойын өткізіп, 1 гол соқты.

Трансферлік нарықта 600 мың еуроға бағаланатын аяқдопшы өз мансабында “Жальгирис”, “Нефтчи” (Баку), “Црвена Звезда” және “Напредак” сыңды мықты ұжымдарда өнер көрсеткен», - деп жазылған аталған хабарламада.