Жарнама
Жарнама
Реклама
Реклама

Холанд «Реал» сапына ауысуы мүмкін

Редактор
26.07.2025, 18:30

Өткен маусымда Холанд 48 матчта 34 гол соғып, 5 нәтижелі пас берген

"Манчестер Сити" ФК

Мадридтің «Реалы» норвегиялық Эрлинг Холандқа көз тігіп отыр.

Cadena Ser басылымының мәліметінше, бұл трансфер бразилиялық Винисиус Жуниор сатылған жағдайда ғана іске аспақ. «Корольдік клуб» шабуыл шебінде Килиан Мбаппе мен Эрлинг Холандтың дуэтін жасауды жоспарлап отыр. Сол үшін де Винисиусті сату арқылы түскен қаржыны «Манчестер Ситидің» норвегиялық шабуылшысына жұмсамақ.

Өткен маусымда Холанд 48 матчта 34 гол соғып, 5 нәтижелі пас берген. Бұған дейін клуб пен 25 жастағы Винисиус Жуниор арасындағы келісімшартты ұзарту жөніндегі келіссөздерде қиындықтар туындағаны белгілі болды. Қазіргі келісім 2027 жылдың маусымына дейін жарамды.

БАҚ мәліметінше, бразилиялық футболшы француз Килиан Мбаппенің деңгейіне дейін көтеруді талап еткен. Алайда мадридтіктер мұндай қаржылық талапқа келіспей отыр. Егер тараптар ортақ мәмілеге келе алмаса, «Реал» Винисиусті 2026 жылы сатпақ.

Реклама
Реклама
Реклама
Реклама