Жарнама
Жарнама
Реклама
Реклама

«Жанкүйерлер цирк емес, футбол көруге келеді». Самат Смақов төрешілерді сынап тастады

Редактор
27.07.2025, 14:59

Смақов Қазақстан чемпионатындағы төрешілік деңгейі төмен екенін айтты

"Жетісу" ФК

Қазақстан Премьер-лигасының 18-турында «Жетісу» өз алаңында семейлік «Елімайдан» 0:3 есебімен жеңіліп қалды. Ойыннан кейін талдықорғандық команданың бас бапкері Самат Смақов төрешілердің жұмысын тағы сынады.

«Бірінші таймда «Елімай» ойынды түгел бақылауда ұстады - бұған ешқандай күмәнім жоқ. Олар тіпті бұдан да көп гол соғуы мүмкін еді. Бұл жерде мәселе біздің ойыншыларда», - деді Смақов.

Дегенмен бапкер бірінші голға қатысты төрешілерге сұрағы барын айтты.

«Бірінші гол бүкіл ойынды бұзды. Біздің ойыншымыз допты алға жіберіп, жылдамдықпен өтпек болғанда, оны бөгеп тастады. Таза ереже бұзу. Алайда төреші ысқырған да жоқ. Мен одан «Неге?» деп сұрағанымда: «Маған фол болмаған сияқты көрінді» деп жауап берді. Сен футбол ойнап көрдің бе өзі?!», - деді ашуға булыққан бапкер.

Смақов Қазақстан чемпионатындағы төрешілік деңгейіне алаңдайтынын жасырмады. Оның айтуынша, отандық төрешілердің мұндай деңгейдегі матчтарды басқаруға біліктілігі мен тәжірибесі жетпейді.

«Бүкіл Қазақстан күледі. Бүкіл Ресей күледі. Бұрынғы футболшылардың бәрі күледі. Бұл төрешілер өз-өздеріне төреші, өз-өздеріне баға қойып, өз-өздеріне кешірім береді. Сол арқылы футболды өлтіріп жатқанымен шаруасы жоқ. Жанкүйерлер төрешілердің циркін емес, футбол көруге келеді. Бірақ аз қалды. Соңына дейін барамын, мұндай мамандардың футболда жұмыс істеуін тоқтатуға қол жеткіземін», - деді Смақов.

Реклама
Реклама
Реклама
Реклама