Жарнама
Жарнама
Реклама
Реклама

«Біз секілді кедей командаға кім келеді?». Виктор Кумыков трансфер жайлы айтты

Редактор
27.07.2025, 11:01

Бапкер клубтың қазіргі қаржылық жағдайы мықты ойыншыларды тартуға кедергі екенін ашық айтты

"Қайсар" фк баспасөз қызметі

Қызылорданың «Қайсар» клубының бас бапкері Виктор Кумыков Қазақстан Премьер-Лигасының 18-турында «Қызылжарды» 1:0 есебімен жеңгеннен кейін пікір білдірді. Ол ойын мен клубтың қазіргі жағдайы жайлы ашық айтты.

«Бұл біз үшін ауыр матч болды. Қарсылас та оңай емес. Біз олардан жыл сайын өз алаңымызда ұтылып жүрдік. Енді, міне, жеңдік. Ең бастысы қалаған нәтижеге қол жеткіздік, қалғаны маңызды емес», - дейді бас бапкер.

Трансферлер туралы сұраққа Кумыков былай деп жауап берді:

«Өздеріңіз ойланып көріңіздерші, бізге кім келеді? «Астанадан» ба, Алматыдан ба, «Тобылдан» келеді дейсіздер ме? Жақсы ойыншылар қайда бар? Бір кездері «Қайсар» өте бай клуб болған, сол кезде жақсы ойыншылар келетін. Ал қазір клуб – ең кедейлердің бірі, қарызы да бар... Бізге кім келеді? Топ ойыншылар ма?.. Топ ойыншыларға ақша төлеу керек қой», - дейді ол.

Осылайша, бапкер клубтың қазіргі қаржылық жағдайы мықты ойыншыларды тартуға кедергі екенін ашық айтты, дегенмен команда жеңіске жетіп отырғанын атап өтті.

Еске салсақ, «Қайсар» мен «Қызылжар» матчына жанкүйерлер: «Бақтияр Артаев уәде еткен топ 3 футболшы қайда?» деген баннер ұстап келді.

Реклама
Реклама
Реклама
Реклама