Жасанды интеллект құраманың келесі кезеңге өту мүмкіндігіне күмәнмен қарайды
Бүгін алматылық «Қайрат» УЕФА Конференциялар лигасының екінші іріктеу кезеңіндегі қарымта ойынында финляндиялық КуПС клубын қабылдайды.
ChatGPT ойын алдында болжам жасады. Жасанды интеллект дерегінше, «Қайрат» алғашқы кездесуде кеткен есесін (0:2) қайтаруға тырысады және өз алаңында айқын фаворит саналады. Оның үстіне клуб өз алаңында қатарынан бірнеше кездесуде өз қақпасына гол жібермей, жеңіске жетіп жүр.
ChatGPT болжамы бойынша:
«Ойын қарқынды әрі шабуылға толы өтеді. «Қайрат» басымдық танытып, ал КуПС қорғанысқа сүйеніп әрекет етеді. Ең ықтимал нәтиже – 2:0. Бұл жағдайда матч пенальти сериясына ұласуы мүмкін. Егер алаң иелері қарсылас қорғанысын бұза алса, есеп 3:1 болуы да ықтимал».
Алайда жасанды интеллект қазақстандық команданың келесі кезеңге өту мүмкіндігіне күмәнмен қарайды:
«Қайраттың» үшінші раундқа өту мүмкіндігі өте аз. Ол үшін кемінде екі гол айырмасымен басым түсіп, пенальтиде жеңуі қажет. Ең ықтимал сценарий – «Қайрат» матчта жеңіске жетеді, бірақ жарыстағы жолын осы кезеңде аяқтайды».
Ойынның басталуы: сағат 20:00.