Жарнама
Жарнама
Реклама
Реклама

Конференция лигасынан кейін «Ақтөбе» мен «Астана» КПЛ-дегі матчтарын қалай өткізеді?

Редактор
01.08.2025, 16:22

Ақтөбеліктер чемпиондықтан үмітін үзсе де, жүлдегерлер қатарынан көрінуге барын салып жатыр

Olimpbet Arena

3 тамызда Ақтөбедегі Алпамыс батыр стадионында Қазақстан Премьер-лигасының 19-туры аясында жергілікті «Ақтөбе» елордалық «Жеңісті. қабылдайды.  Ал, «Астана» болса дәл осы күні өз алаңында «Қайсармен» кезедседі.

«Ақтөбе» есеңгірегеннен кейін ес жия ма?
КПЛ-дің 19-турындағы басты матчта «Ақтөбе» өз алаңында «Жеңісті» қабылдайды. Olimpbet сарапшылары бұл кездесуде алаң иелерінің мүмкіндігі жоғары деп санайды, алайда оларды сөзсіз фаворит көрмейді.

Басты себеп — «қызыл-ақтар» қазір өте тығыз кестемен ойнап жатыр. «Спартадан» (Прага) Конференция лигасының іріктеу кезеңінде жеңілгеннен кейін, небәрі үш күн өтпей жатып олар тағы бір маңызды ойынға шығады.

«Жеңіс» жаңа бапкермен жеңілмей келеді
Ал «Жеңіс» бұл матчқа арнайы дайындықпен келді, сондықтан ойыншыларына күш жинауға көп уақыт қажет болмады. Жаңа бас бапкер Андрей Демченконың жетекшілігімен елордалық клуб әзірге бірде-бір жеңіліс көрген жоқ — жеті ойында 17 ұпай еншіледі. Салыстырмалы түрде айтсақ, Вячеслав Левчук баптайтын команда осы мерзімде 9 ұпайға кем жинаған.

Айта кету керек, биыл «қара-сарылар» Қазақстан Кубогынан бұрынғы чемпион «Ақтөбені» жарыстан шығарып жіберген еді.

Матчта көп гол күтілмейді
Дегенмен, осы маусымда чемпионат аясында өткен алғашқы кездесуде «Ақтөбе» сырт алаңда «Жеңісті» 1:0 есебімен ұтқан болатын. Olimpbet сарапшылары бұл жолы да матчтың аса нәтижелі болмайтынын болжайды. Дегенмен, олар «Ақтөбе» кем дегенде бір гол соғады деп сенімді түрде болжап отыр.

«Астана» бабында
«Астана» да «Ақтөбе» сияқты еурокубоктағы ойыннан кейін дереу ішкі чемпионатқа қайта оралуы керек. Алайда, «Зимбруды» (Кишинев) жеңіп, жақсы көңіл-күймен келеді.

Оған қоса, астаналықтардың қарсыласы бұл турда әлдеқайда жеңілірек – өз алаңында Бабаян шәкірттері «Қайсармен» ойнайды. Olimpbet сарапшылары бұл кездесуде алаң иелерін сөзсіз фаворит деп бағалайды.

Статистика «Астана» жағында
«Астана» мен «Қайсар» арасындағы өзара ойындар тарихында астаналықтардың айқын басымдығы бар. 38 матчтың 28-інде «Астана» жеңіске жетіп, тек 3 рет жеңілген. Соңғы рет қызылордалықтар бұл қарсыласты 2015 жылдың сәуірінде ұтқан. Ал елордада олар ешқашан жеңіске жеткен емес.

Кестедегі жағдайға қарасақ та, көшбасшы «Астананың» оныншы орында тұрған «Қайсардан» ұтылуы екіталай.

Тағы да 1:1 бола ма?
Дегенмен, «Астана» бұл маусымда Қызылордада өткен ойында «Қайсарды» жеңе алмай, 1:1 есебімен тең түскенін ұмытпауы керек. Ал «Қайсардың» «Астана Аренадағы» соңғы екі ойыны да дәл осындай есеппен аяқталған – 1:1.

Десе де, бұл деректер Olimpbet сарапшыларының пікіріне әсер етпейді. Олар алаң иелерінің үш доп айырмасымен жеңіске жету ықтималдығын, қонақтардың жеңілмеу мүмкіндігінен әлдеқайда жоғары бағалап отыр.

Реклама
Реклама
Реклама
Реклама