Жарнама
Жарнама
Реклама
Реклама

Журналистермен сұхбаттан кейін Чемпиондар лигасының жеңімпазы қайтыс болды

Редактор
06.08.2025, 09:12

Алдын-ала болжам бойынша жүрек талмасынан қайтыс болған.

фото: Eurasia Sport Images/Getty Images

Португалия құрамасының және «Порту» клубының экс-капитаны Жорже Кошта 54 жасында қайтыс болды.

Жергілікті Bola басылымының ақпараты бойынша, қайғылы жағдай сейсенбі күні «Порту» клубының жаттығу базасында болған. Кошта бұл жерде спорт директоры қызметін атқарып жүрген. Журналистермен сұхбаттан кейін өзін жайсыз сезініп, есінен танып қалған. Оны дереу ауруханаға жеткізгенімен, дәрігерлердің өмірін сақтап қалуға шамасы жетпеді. Алдын-ала болжам бойынша жүрек талмасынан қайтыс болған. Футболшы шектен тыс ыстыққа байланысты әлсіздікке шағымданған екен.

«Порту» футбол клубы ресми мәлімдеме жасап, марқұмның жақындарына көңіл айтты.

«Жорже Кошта –  клуб тарихындағы орны ерекше тұлға. Ол өмір бойы, алаңда да, одан тыс жерлерде де «Порту» клубының басты құндылықтарын – адалдықты, көшбасшылықты, құштарлықты және табандылықты көрсетіп келді. Ол жанкүйерлердің тұтас бір буынына әсер етіп, клубтың басты символына айналды», – делінген хабарламада.

Жорже Кошта «Порту» клубының түлегі, бұл команда сапында он жылдан астам уақыт өнер көрсеткен. Сол аралықта Португалия чемпионы атағын сегіз рет жеңіп алған. Ең ірі жетістіктері ретінде 2003 жылы УЕФА Кубогы мен 2004 жылы Чемпиондар лигасында топ жаруын айтуға болады. Бұл жетістіктер Жозе Моуриньюдың басшылығымен келген. Сол Чемпиондар лигасы финалында Кошта команда капитаны болған.

Ұлттық құрама сапында ол 50 ойынға қатысып, 2 гол соққан.

Реклама
Реклама
Реклама
Реклама

Материалда: