Жарнама
Жарнама
Реклама
Реклама

«Астана»Швейцарияда жеңілді

Редактор
Бүгін, 01:09

Қарымта ойын 14 тамызда «Астана-аренада» өтеді.

“Астана” клубының баспасөз қызметі

UEFA Конференция лигасы үшінші іріктеу кезеңінде «Астана» сырт алаңда Швейцарияның «Лозанна» клубымен кездесті.

Бас бапкер Григорий Бабаян Марин Томасов пен Назми Грипши секілді көшбасшы ойыншыларын қосалқы құрамға қалдырды. Олардың бұл жоспары жүзеге асқан жоқ. Қарсылас қатарынан үш гол соқты.

Абырой болған ойын соңына қарай, Иван Башич бір доппен жауап қайтарды. Қорытынды есеп - 3:1.

Қарымта ойын 14 тамызда «Астана-арена» стадионында өткізіледі.

«Лозанна» командасы 1896 жылы құрылған. Өз елінде жеті мәрте чемпион атанған.

Реклама
Реклама
Реклама
Реклама