Софья Берульцева – 2020 жылғы Токио Олимпиадасының қола медаль иегері
Чэнду (Қытай) қаласында XII Дүниежүзілік ойындарында ел намысын қорғаған Софья Берульцева жартылай финалда қарсыласынан ұтылып қалды. Ол +68 келі салмақта әлем чемпионы Мария Торрес Гарсиямен финалға жолдаманы сарапқа салды.
Тартысты өткен бәсекеде Берульцева 1:2 есебімен есе жіберіп, ақтық сынға шыға алмады. Айта кетейік, Софья 2022 жылы осы жарыста чемпион атанған еді. Алайда биылғы бәсекеде ол чемпиондық атағын қорғай алмады.
Енді Софья Берульцева қола медаль үшін әлем чемпионатының екі дүркін қола жүлдегері, италиялық Силио Феракутимен өзара мықтыны анықтайды.
Софья Берульцева – 2020 жылғы Токио Олимпиадасының қола медаль иегері және Азия чемпионатын да үш мәрте топ жарған.