Жарнама
Жарнама
Реклама
Реклама

Шымкентте футболшылардың жаппай төбелесіне қатысты қылмыстық іс қозғалды

Редактор
16.08.2025, 19:08

Қақтығыс 2011 жылы туған жасөспірімдер арасындағы ойын барысында болған

Видеодан кадр

Футболдан жасөспірімдер арасындағы Қазақстан чемпионатында «Тұран» мен «Екібастұз» командалары төбелесіп қалған.

Қақтығыс 2011 жылы туған жасөспірімдер арасындағы ойын барысында болған. Оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғалды.

Шымкент қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлағандай, жанжалға қатысы бар барлық тұлғалар анықталып, полицияға жеткізілген.

«Қазір болған жағдайдың барлық мән-жайын анықтау үшін кешенді тергеу амалдары жүргізіліп жатыр», – делінген ресми мәлімдемеде.

Департамент өкілдері, сондай-ақ, полицияға немесе медициналық мекемелерге ешқандай ресми шағым түспегенін атап өтті.

«Тергеу аяқталғаннан кейін процессуалдық шешім заңға сәйкес қабылданады», – деп қосты ведомство.

Бұған дейін «Серый CARDINAL» Telegram-арнасы бұл кикілжің салдары ауыр болуы мүмкін екендігін жазды.

Реклама
Реклама
Реклама
Реклама