Оқырманның махаббаты. Моншадағы кездесу. Қызқұмар футболистер – ЖБ оқиға

Түркістанда жаппай төбелес ұйымдастырған футболшылар алаңнан өмір бойына шеттетілуі мүмкін

Бүгін, 15:59

Түркістандағы балалар арасындағы төбелестен кейін федерация ең қатаң шаралар қабылдайды

Түркістанда жаппай төбелес ұйымдастырған футболшылар алаңнан өмір бойына шеттетілуі мүмкін
Видеодан кадр

Футболдан жасөспірімдер арасындағы Қазақстан чемпионатында «Тұран» мен «Екібастұз» командалары төбелесіп қалған еді. «Серый CARDINAL» Telegram-арнасы бұл кикілжің салдары ауыр болуы мүмкін екендігін жазды.

«Төбелескен екі футболшы өмір бойына алаңнан шеттетілуі мүмкін. Түркістандағы балалар арасындағы төбелестен кейін федерация ең қатаң шаралар қабылдайды. Атап айтқанда, екі ойыншыны (бірі - «Тұраннан», бірі – «Екібастұздан») өмір бойына дисквалификациялау мәселесі қарастырылып отыр. Бұған қоса, төрешілерге де санкция салынады (олардың әрекеті дұрыс деп танылса да), екі клуб та жазаланады. Оның ішінде «Тұран» - турнир ұйымдастырушысы ретінде жауапкершілікке тартылады. Сондай-ақ Қазақстан футбол федерациясының (ҚФФ) тиісті департаменті де жазаланады. Жалпы, федерация аясында өтетін барлық жасөспірімдер жарысы қауіпсіздік талаптарының орындалуы тұрғысынан қайта тексеріледі. Бұл шешімдер келесі аптаның басында қабылдануы мүмкін.

Айта кетсек, кейбір мамандар элиталық жасөспірімдер футбол жарыстарын кәсіби клубтар арасындағы турнирлерді өткізетін дирекцияның құзырына беруді ұсынуда», - деп жазады арна авторы.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам