«Реал» Килиан Мбаппенің келісімін алды

Редактор
23.01.2024, 11:26

Мадридтік клубта ол Модричтің номерын тағады

Getty Images

Мадридтің «Реал» футбол клубы француз шабуылшысы Килиан Мбаппенің өкілдерімен нақты келісімге келді деп хабарлады Sports Zone.

Басылымның жазуынша, 25 жастағы футболшының трансфері толыққанды шешілген, енді тараптар келісімшартқа қол қоймақшы. Келісімге сәйкес, Мбаппе хорват жартыла қорғаушысы Лука Модричтің номерын алады.

«Бұған дейін Мбаппе ПСЖ-ның ұсынысын күткен болатын. Енді кеш, ол шешім қабылдады, Мадрид оған 10-шы номерды қоса береді», - деп жазды аталған басылым.

Айта кету керек, Килиан Мбаппе мен ПСЖ клубының арасындағы келісімшарт биыл жазда аяқталады.