Қазақстан футболшысы әйгілі Новак Джоковичпен қалай танысқанын айтып берді

Редактор
23.01.2024, 11:38

Екеуі жарты жылға жуық уақыт көрші тұрған

Элина Зуеваның жеке архивінен

Футболдан Қазақстан құрамасы мен ресейлік «Арсенал» клубының жартылай қорғаушысы Александр Зуев «Матч ТВ» телеарнасына сұхбат беріп, әйгілі теннисші Новак Джоковисчпен қалай танысқанын айтып берді.

Айта кетейік, Зуев 2023 жылдың қыркүйегінен 2024 жылдың қаңтарына дейін Белградта (Сербия) тұрып, жергілікті ИМТ командасында өнер көрсетті.

- Сен Новак Джоковичпен көрші тұрдың. Жиі кездестіретін бе едің?

- Небәрі бір рет қана көргем. Бірде әйеліммен кешкі ас ішіп отырғанбыз, бір ер адам велосипедте кішкентай баласымен кетіп бара жатты. Мен оны Новакқа ұқсаттым. Әйелім сенбеді. Артынша адамдар оның жанына барып фотоға түсе бастады. Біз де бардық. Ол ешкімнің бетін қайтармады. Мен оған жергілікті клубта футбол ойнайтынымды айтып едім, ол орысша: «удачи, брат» деп жауап берді, - дейді Зуев телеарнаға берген сұхбатында.

Айта кетейік, Александр Зуев бұған дейін Ресейдің «Спартак», «Рубин», «Ростов» және «Химки» футбол командаларында өнер көрсеткен. 2023 жылдың қарашасында ол Қазақстан құрамасындағы алғашқы ойынын өткізсе, 2024 жылдың қаңтарынан бастап Тула қаласының «Арсенал» клубына ауысып алды.