Ол жылдамдығын 33,5 км/сағ-қа жеткізіп, бірқатар шабуылшыларды басып озды
Англия премьер-лигасының жаңа маусымының алғашқы күндерінде ең жылдам футболшылардың рейтингі жарияланды.
meta-ratings.kz бұл тізімге күтпеген жерден «Манчестер Сити» орталық қорғаушысы, өзбекстандық Абдукодир Хусанов енгенін жазды.
«Вулверхэмптонға» қарсы өткен ойында алаңға матч соңында шыққан Хусанов жылдамдығын 33,5 км/сағ-қа жеткізіп, бірқатар шабуылшыларды басып озды.
АПЛ-дың 1-турындағы ең жылдам бес футболшы:
Еске салайық, Абдукодир Хусанов 2025 жылдың басында Францияның «Ланс» клубынан «Манчестер Сити» сапына қосылды. Transfermarkt дерегінше, трансфер құны 40 миллион еуро болған. Қорғаушының келісімшарты 2029 жылдың маусымына дейін жарамды.
23 тамызда өтетін келесі турда «Сити» өз алаңында «Тоттенхэмге» қарсы ойнайды. Хосеп Гвардиоланың командасы алғашқы кездесудегі жеңістің арқасында турнир кестесінде көш бастап тұр.