Африка кубогі аясындағы матчтан кейін трагедия болды

Редактор
23.01.2024, 13:54

Қуаныштың соңы жаппай тәртіпсіздікке ұласқан

The Independent

Футболдан Африка кубогін сарапқа салып жатқан Гвинея мен Гамбия құрамалары арасында өткен матч кезінде трагедия болды. Гвинея футболшылары соққан жалғыз гол үшін жанкүйерлердің қуанғаны сонша, тойлау кезінде алты адам қайтыс болған.

C тобындағы ойын 19 қаңтарда өтті және 1:0 есебімен Гвинеяның пайдасына шешілді. Ел астанасы Конакриде халық атойлап, оның соңы тәртіпсіздіктерге ұласқан.

«Біздің жанкүйерлер мен жалпы халық жеңісті тәртіп бұзбай тойлауы керек. Олар барынша сақ болуы және өзі мен өзгенің өміріне қауіп төндірмеуі тиіс. Футбол – қайғы емес, қуаныш әкелуге арналған спорт. Біздің жеңістер жаназаға ұласпауы керек», - деді Гвинея футбол едерация баспасөз қызметінің жетекшісі Амаду Макаджи.

Гвинея өз тобында 4 ұпаймен екінші сатыда тұр. Соңғы шешуі ойынды ол 23 қаңтарда Сенегалға қарсы өткізеді.