Лионель Месси Аргентина құрамасының бапкерімен жанжалдасып қалды

Редактор
23.01.2024, 12:00

Бас бапкер биыл жазда отставкаға кеткісі келетінін айтты

Getty Images

Аргентиналық даңқты футболшы Лионель Месси ұлттық құраманың бас бапкері Лионель Скалонимен жанжалдасып қалды деп жазады La 100 басылымы.

Оқиға былтыр қараша айында болған. 2026 жылғы әлем чемпионатына іріктеу ойындары аясында Уругвайдан өз алаңында 0:2 есебімен жеңілгеннен кейін бапкер ойыншыларға наразылығын білдірген екен. Өйткені, матч алдында ұлттық құраманың бірнеше ойыншысы сауық-сайран құрып, жаттығуға немқұрайлы қараған.

«Жанжалдың шығуына себеп – Аргентина құрамасының бірнеше ойыншысы матчқа дейін бірнеше күн бұрын сауық кешіне қатысып, көңіл көтерген. Мұны естіген Скалони ашуға салынып, футболшыларға ескерту жасаған және Уругвайдың әлемдегі ең мықты команда екенін айтқан», - деп жазады La 100 басылымы.

Скалони 2024 жылдың жазында Америка Кубогінен кейін ұлттық құрамадан кеткісі келетінін айтып жүр. Бірақ, бұған Мессимен арада болған жанжалдың қатысы жоқ көрінеді.