Жарнама
Жарнама
Реклама
Реклама

«Қайсар» футболшылардың жалақысына қатысты мәлімдеме жасады

Редактор
20.08.2025, 17:54

Клуб «жалақы төленбей жатыр» деген ақпаратты жоққа шығарды

әлеуметтік желі

«Қайсардың» баспасөз қызметі клубтағы қаржылық ахуалға байланысты ресми мәлімдеме жариялады.

Клуб әлеуметтік желілер мен кейбір бұқаралық ақпарат құралдарында тараған «жалақы төленбей жатыр» деген ақпаратты жоққа шығарды.

«Әлеуметтік желілер мен бұқаралық ақпарат құралдарында «Қайсар» футбол клубы ойыншыларға жалақы бермеу жайлы жалған ақпарат таралуда.

Клуб бұл ақпарат шындыққа жанаспайтынын мәлімдейді. Бүгінде клубтағы футболшылар, бапкерлік штаб, футбол орталығы, ішкі қызметкерлердің барлығы уақытылы жалақысын алып, штаттық режимде өз жұмыстарын жүйелі атқаруда.

Бұл ақпарат шындыққа сәйкес келмейтініне тағы да назар аударамыз. БАҚ өкілдерінен клубтың баспасөз қызметіне хабарласуды, тексерілмеген ақпаратты таратпауды және тек ресми дереккөздерге сенуді сұраймыз», – делінген Қызылорда клубының Instagram парақшасында жарияланған хабарламада.

Айта кетейік, бұған дейін футболшылар мен клуб қызметкерлеріне еңбекақы мен сыйақылар төленбегені туралы жазған едік.

Реклама
Реклама
Реклама
Реклама