Жарнама
Жарнама
Реклама
Реклама

«Қатты таңқалды». Дастан Сәтпаев «Челсиға» барып Мудрик және Палмермен танысқан

Редактор
20.08.2025, 18:04

Ол ағылшынша сұрақ қойды, мен оған орысша жауап бердім

Әлеуметтік желі

«Қайрат» және Қазақстан құрамасының шабуылшысы Дастан Сатпаев «Челсиде» қаралымнан өтіп жүрген кезінде негізгі құрам ойыншыларымен кездескенін айтты

«Ойыннан кейін бізді негізгі команданың базасына апарды. Ол өте жақын орналасқан, жаяу да баруға болады. Бізге жаттығу кешенін көрсетіп, ойыншылармен таныстырды. Коул Палмер, Кристофер Нкунку және Энцо Фернандеспен суретке де түстім. Сондай-ақ Мудрикті де көрдім.Мудрик бізбен сөйлесе бастады. Матч жайлы сұрады. Ол ағылшынша сұрақ қойды, мен оған орысша жауап бердім. Ол таңғалып, қайдан екенімді сұрады. Мен Қазақстаннан екенімді айттым», - деді Сәтпаев Нобель Арустамянға берген сұхбатында.

Айта кетейік, Дастан Сәтпаев келесі жылы 12 тамызда18 жасқа толады. Сол сәтте ол Лондонға жол тартып, «Челси» сапына қосылады.

Ал бүгін «Қайрат» УЕФА Чемпиондар лигасы іріктеу кезеңінің плей-офф бәсекесінде Глазгода «Селтикпен» ойнайды.

 

Реклама
Реклама
Реклама
Реклама

Материалда: