Жарнама
Жарнама
Реклама
Реклама

«Бәлішке ұқсап кеткен». Семіріп алған Абдукодир Хусанов сынға қалды

Редактор
Бүгін, 09:22

Кадр футбол жанкүйерлерінің қызу талқысына түсті

upl.uz

Ағылшынның «Манчестер Сити» клубының жанкүйерлері Өзбекстан құрамасының қорғаушысы Абдукодир Хусановтың физикалық жағдайына көңілдері толмайтынын жеткізді.

Әлеуметтік желідегі сын

Англия премьер-лигасының екінші турында өткен («Сити» – «Тоттенхэм») трансляциясындағы кадр футбол жанкүйерлерінің қызу талқысына түсті. Әлеуметік желі қолданушылары ойынға қатыспаған Хусановтың салмақ қосқанын байқап, «қазір бәлішке ұқсайды» деп әзілдеді.

Матч нәтижесі

Кездесу «Этихад» стадионында өтіп, «Тоттенхэм» 2:0 есебімен жеңіске жетті. Абдукодир Хусанов бұл ойында алаңға шыққан жоқ.

Ережелер мен талаптар

Айта кетейік, әлемнің топ клубтарында футболшылардың салмағына қатысты нақты талаптар бар. Егер ойыншы артық салмақ жинаса, ол уақытша командадан шеттетіліп, қаржылай айыппұл салынуы мүмкін.

Әлемдік деңгейдегі клубтарда ойыншылардың салмағына қатаң талап қойылады. Нормадан артық салмақ қосқан футболшылар уақытша командадан шеттетіліп, кей жағдайларда қаржылық айыппұл да алады.

Реклама
Реклама
Реклама
Реклама