Жарнама
Жарнама
Реклама
Реклама

Темірлан Анарбеков жарақат алды: Әли Әлиев күтпеген мәлімдеме жасады

Редактор
03.09.2025, 17:03

Анарбеков Уэльске қарсы ойын алдында жарақат алды

әлеуметтік желі

2026 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңі аясында өтетін Қазақстан – Уэльс матчы қарсаңында ұлттық құраманың қақпашыларының жағдайы алаңдаушылық тудырып отыр. Бұл туралы Meta-ratings.kz жазды.

Бас бапкер Әли Әлиев баспасөз мәслихатында жағдайды түсіндірді:

«Алдымен медициналық қорытындыны күтеміз. «Оқжетпеспен» өткен ойында Темірлан Анарбеков тізесін жарақаттап алды. Мұхамеджан Сейсенде де кішігірім жарақат бар. Сондықтан негізгі шешімді медициналық штаб қабылдайды. Иә, бізде жақсы қақпашылар жеткілікті, енді олардың арасынан кімнің алаңға шығатынын анықтауымыз қажет», — деді ол.

Айта кетейік, 2026 жылғы әлем чемпионатының іріктеу турнирі аясында Қазақстан құрамасы 4 қыркүйекте Астанада Уэльспен кездеседі, ал одан кейін 7-8 қыркүйек түнінде Бельгияға қарсы сырт алаңда ойын өткізеді.

Реклама
Реклама
Реклама
Реклама