Жарнама
Жарнама
Реклама
Реклама

«Ұсталды» деген ақпараттан соң Мұрат Нұртілеу дзюдо федерациясының өкілімен кездесті

Редактор
05.09.2025, 14:03

Мұрат Нұртілеудің ұсталғаны шындыққа сай келмейтінін мәлімдеген

СІМ

Халықаралық дзюдо федерациясы президентінің кеңесшісі «JENYS» дзюдо клубы қамқорлық кеңесінің төрағасы Алмаз Әлсенов Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеудің қабылдауына болды.

Естеріңізге сала кетейік, 4 қыркүйекте Orda сайты құқық қорғау органдарындағы дереккөздеріне сілтеп, «сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу, бизнесмен Гаджи Гаджиев және ҰҚК-ның жоғары лауазымды қызметкерлері ұсталғанын» жазған болатын. Бірақ одан кейін Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров Мұрат Нұртілеудің ұсталғаны шындыққа сай келмейтінін мәлімдеген.

Арада бір күн өткенде Мұрат Нұртілеу ел алдына шықты. Ол Әлсеновпен агро-индустриялық кластерді құру барысын талқылаған.

 Алғашқы кезеңде инвестициялық жоба Жетісу мен Алматы облыстарын қамтып, 150 мың гектар шалғайдағы және тыңайған жерлерді суармалы ауыл шаруашылығы алқаптарына айналдыруды көздейді. Жалпы, жобаны жүзеге асыру аясында заманауи су үнемдеу жүйелерін қолдана отырып, 300 мың гектар жерді игеру жоспарланған.Министр жобаны одан әрі ілгерілетудің маңыздылығын атап өтіп, мемлекет тарапынан қолдау көрсетуге дайын екенін білдірді.Сондай-ақ компанияның Қазақстанның бірқатар өңірлерінде туризм және спорт салаларында инвестициялық жобаларды іске асыру перспективалары белгіленді.СІМ басшысы бұл жобалардың ішкі және кірме туризм үшін, сонымен қатар экономиканы әртараптандыру үшін өсу мүмкіндігіне айналу әлеуеті бар екенін баса айтты», - делінген хабарламада.

Айта кетейік, Алмаз Әлсенов 1981 жылы 14 тамызда Қарағанды қаласында дүниеге келген. Ол Бекет Махмұдов ҚР дзюдо федерациясына президент болған тұста аталған ұйымда және Азия дзюдо қауымдастығының маркетинг жөніндегі директоры лауазымын атқарған.

Айта кететін жайт, ол халықаралық дзюдо федерациясында басшылық лауазымдардың біріне бекітілген алғашқы қазақ азаматы болып отыр.

Реклама
Реклама
Реклама
Реклама

Материалда: