«Қайраттың» ресми құрамы жарияланды
УЕФА алматылық «Қайрат» футбол клубының Чемпиондар лигасының негізгі (топтық) кезеңіне арналған ресми құрамын жариялады. Ресми мәліметке сәйкес, «Қайрат» топтық ойындарының барлығын Алматыдағы Орталық стадионда өткізеді.
Жалпы өтінімге 25 футболшы енгізілді.
Қақпашылар. Негізгі қақпашылар – 32 жастағы Александр Заруцкий мен 21 жастағы Темірлан Анарбеков. Қосалқы ретінде 18 жастағы Шерхан Қалмырза мен Диас Реимов, сондай-ақ 19 жастағы Ильдар Мендығалиев тіркелген.
Қорғаушылар. Басты қорғаушылар қатарында 21 жастағы Александр Мрынский, 22 жастағы Александр Широбоков, 18 жастағы Данияр Ташпұлатов, 23 жастағы Дамир Қасабулат және 23 жастағы Лев Кургин бар. Қосалқыда 17 жастағы Әкежан Қалиқұлов пен 18 жастағы Әмірбек Базарбаев. Сондай-ақ қорғанысты легионерлер толықтырады: 28 жастағы Луиш Мата (Португалия), 38 жастағы Александр Мартынович (Беларусь), 26 жастағы Офри Арад (Израиль), 28 жастағы Лука Гадрани (Грузия) және 29 жастағы Егор Сорокин (Ресей).
Жартылай қорғаушылар. Негізгі құрамға 23 жастағы Әділет Садыбеков, 20 жастағы Олжас Байбек пен 32 жастағы Еркін Тапалов енді. Қосалқы құрамда – 17 жастағы Абылай Төлеухан, 16 жастағы Дәулет Орынбасар және 18 жастағы Азамат Тұяқбаев. Бұл позицияда негізгі легионерлер: 28 жастағы Гиорги Зариа (Грузия), 28 жастағы Дэн Глэйзер (Израиль), 26 жастағы Юг Станоев (Сербия) және 28 жастағы Валерий Громыко (Беларусь).
Шабуылшылар. 17 жастағы Дастан Сәтпаев, 18 жастағы Рамазан Бағдат және 17 жастағы Исмаил Бекболат. Оларға легионер-шабуылшылар қосылады: 27 жастағы Жоржиньо (Португалия), 28 жастағы Эдмилсон (Бразилия) және 24 жастағы Рикардиньо (Бразилия).
25 ойыншының ішінде негізгі құрамнан Лев Кургин, Лука Гадрани, Данияр Ташпұлатов пен Исмаил Бекболат Чемпиондар лигасының іріктеу кезеңінде бірде-бір рет алаңға шықпаған. Сондай-ақ турнир барысында қосалқы құрамдағы футболшылар да әзірге ойынға қатыспаған.