Бұл орталық тұрмыстық зорлық-зомбылықтан зардап шеккен әйелдер мен балаларға көмек көрсетеді
Уэльс жанкүйерлері Астанада тұрмыстық зорлық-зомбылықтан зардап шеккен әйелдер мен балаларға қолдау көрсетті.
Жанкүйерлер Астанадағы әйелдер мен балаларға арналған дағдарыс орталығына барды.
«Red Wall Parties ұйымының өкілі Гэри Уильямс Қазақстан мен Уэльс арасында өткен ойынның ертеңіне Астанадағы дағдарыс орталығына барды. Бұл орталық тұрмыстық зорлық-зомбылықтан зардап шеккен әйелдер мен балаларға көмек көрсетеді. Қаржылай қолдау көлемі — 351 500 теңге», – делінген Уэльс құрамасының Fan Embassy Wales әлеуметтік желідегі хабарламасында.
Айта кетейік, 2026 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңіндегі матчта Қазақстан құрамасы Уэльстен 0:1 есебімен жеңілді. Кездесудегі жалғыз голды 24-минутта шабуылшы Киффер Мур соқты. Сонымен қатар валлийлік команданы қолдау үшін Астанаға шамамен 1 500 жанкүйер келгені белгілі болды.
Айта кетейік, төрт турдан кейін Қазақстан құрамасының қоржынында бір ғана жеңіс және үш жеңіліс бар.
Ұлттық команда J тобында өнер көрсетіп жатыр. Бұл топқа Уэльс, Қазақстан, Бельгия, Лихтенштейн және Солтүстік Македония енеді.