Жарнама
Жарнама
Реклама
Реклама

Абат Айымбетов Иранға кетуге нақты шешім қабылдады

Редактор
06.09.2025, 14:58

Клуб Иран чемпионатында алтыншы орында келе жатыр.

Фото: kff.kz

Қазақстан ұлттық құрамасының шабуылшысы Абат Айымбетов мансабын Парсы шығанағында жалғастыруға ақыры шешім қабылдады. Бұл туралы kazakh_football_inside арнасы хабарлады.

Жақында 30 жасқа толған шабуылшы «Персеполис» командасының жейдесін киеді. Клуб Иран чемпионатында алтыншы орында келе жатыр.

Айта кетейік, бұған дейін Абат Айымбетовке Солтүстік Африканың командасы қызығушылық танытқан.  Нақтырақ айтсақ,  Legalbet.kz порталының ақпараты бойынша, Ливияның бір клубы хабарласқан. Оның алдында абуылшының ресми өкілі Траян Гергишанға Ирак клубынан хабарласқандар болған еді.

 Еске салсақ, Түркиядағы маусым аяқталған соң, Абат еркін агент атанды. Қазақстан клубтарынан қызығушылық болғанына қарамастан, Ол мансабын шетелде жалғастыруға ниетті.

Қазақстан ұлттық құрамасының ойыншысы (45 кездесу, 9 гол, 3 нәтижелі пас) Айымбетов бұған дейін «Ақтөбе», «Қайрат» және «Астана» клубтарында өнер көрсеткен. Соңғы бір жарым маусымды ол Түркия Суперлигасынан түсіп қалған «Адана Демирспор» сапында өткізді. 2024/2025 жылғы чемпионатта 27 матчқа қатысып, 5 гол соқты.

Transfermarkt порталы қазір футболшының құнын 450 мың еуро деп бағалап отыр.

Реклама
Реклама
Реклама
Реклама

Материалда: