Жарнама
Жарнама
Реклама
Реклама

Барселона өкілдері Ғалымжан Кенжебектің ойынын ерекше бағалады

Редактор
06.09.2025, 17:05

Фермин Суарес қазақстандық ойыншының өнеріне жоғары баға берді

ҚФФ

Уэльс құрамасымен өткен ойыннан кейін 22 жастағы жартылай қорғаушы Ғалымжан Кенжебек қазақстандық қана емес, халықаралық БАҚ-тың да назарын өзіне аударды.

Испаниялық журналист, Барселона қаласының тілшісі Фермин Суарес қазақстандық ойыншының өнеріне жоғары баға берді:

«Ғалымжан Кенжебек. Өзі солақай, оң қапталда ойнайды. 22 жаста. Өте шапшаң, талантты, соққысы мығым. Испания жастар құрамасының қақпасына екі гол соққан, енді негізгі командада жарқырап жүр. Кеше Уэльске қарсы тамаша ойын көрсетті!» – деп жазды ол X әлеуметтік желісінде.

Еске салайық, Қазақстан Уэльс құрамасынан 0:1 есебімен ұтылған матчта Ғалымжан ең белсенді ойыншылардың бірі болды. Оған берілген 65 минут ішінде бірнеше рет гол соғуға мүмкіндік туды. Дегенмен, бас бапкер Әли Әлиевтің оны алмастыру шешімі жанкүйерлердің сынына ұшырады.

Ойыннан кейін футболшының өзі былай деді:

«Бұл – бапкердің шешімі. Әрине, эмоция болды, әрі қарай ойнағым келді. Бірақ жақсы жағын да көрдім: мүмкін Бельгияға қарсы ойында көбірек минут аламын».

Футболшының жолы

Ғалымжан Кенжебек футболдағы алғашқы қадамын туған қаласы Таразда жасады. Кейін алматылық «Қайрат» академиясында шыңдалып, шетелде – Кипрдің «Акиртас Хлоракас» және Словакияның «Кошице» клубтарында тәжірибе жинады.

2025 жылғы 2 шілдеде «Кошице» клубындағы мансабын аяқтап, Қазақстанға оралды. Қазір ол «Елімай» сапында өнер көрсетіп, аз уақыт ішінде 4 гол соғып үлгерді.

Футболшылардың трансферлік құнын бағалайтын Transfermarkt порталы вингердің нарықтық бағасын 225 мың еуро деп көрсетіп отыр.

Реклама
Реклама
Реклама
Реклама