Жарнама
Жарнама
Реклама
Реклама

Әли Әлиев Қазақстан құрамасы бас бапкері қызметінен кетті

Редактор
08.09.2025, 02:26

Ол ресми ойындардың тек біреуінде ғана жеңіске жете алды

ҚФФ

Футболдан Қазақстан құрамасының бас бапкері болған Әли Әлиев Бельгиядан болған жеңілістен кейін отставкаға кетті. Әлем чемпионатының іріктеуінде отандық команда сәтсіз өнер көрсетіп келеді.

Еске салайық, Брюссельде Қазақстан құрамасы Бельгиямен кездесіп, 0:6 есебімен ойсырай жеңілді. Мұхамеджан Сейсен күзеткен қақпаға алаң иелері сапынан Кевин Де Брюйне, Доку екі-екі голдан соқса, Раскин мен Меньенің қанжығасы бір-бірден майланды.

Мұның алдында Әли Әлиев шәкірттері Астанада Уэльсті қабылдап, 0:1 есебімен жеңілген болатын. Ал, жалпы, іріктеу турнирінде 5 матч өткізіп, оның тек біреуінде – Люксембургпен болған ойында жеңіске жетті.

Әлиев бұл қызметке биыл қаңтарда келген болатын. Ол ресейлік маман Станислав Черчесовты алмастырған еді.

Реклама
Реклама
Реклама
Реклама