Жарнама
Жарнама
Реклама
Реклама

«Аргентина мен Ямайкадан да асып түсті». Бельгия Қазақстанды аямады

Редактор
08.09.2025, 01:39

Кевин де Брюйне, Жереми Доку секілді жұлдыздары дубль жасады

ҚФФ

Футболдан Қазақстан құрамасы 2026 жылғы әлем чемпионаты іріктеу кезеңіндегі бесінші ойынында қақпасына алты гол жіберді.

Бұл жолы Әли Әлиев шәкірттері Бельгияға қонаққа барған. Бірінші таймда 41 минут шыдаған жерлестеріміз одан кейін қатарынан алты гол өткізді.

Бельгия сапынан Кевин де Брюйне, Жереми Доку секілді жұлдыздары дубль жасады. Тағы екі голды Раскин және Менье кіргізді. Қорытынды есеп – 6:0.

Құрамалар J тобында сынға түсіп жатыр. Қазірге дейін 5 ойыннан кейін Солтүстік Македония 11 ұпаймен көшбастаса, төрт кездесу өткізген Уэльс және Бельгия 10 ұпай екінші орынды өзраа бөлісіп тұр. Қазақстанда үш ұпай бар. Ал Лихтенштейннің қоржыны бос.

Бельгия – Қазақстан – 6:0

Бельгия: Тибо Куртуа (Қ), Максим де Кейпер (Ханс Ванакен 71), Артюр Теате, Зено Дебаст, Тимоти Кастань, Юри Тилеманс (К), Николас Раскин (Тома Менье, 71), Кевин де Брeйне (Шарль Ванхаутте, 86) – Жереми Докю (Алексис Салемакерс, 63), Леандро Троссар (Малик Фофана, 63), Шарль де Кетеларе;

Қазақстан: Мұхамеджан Сейсен (Қ), Ян Вороговский, Ұлар Жаксыбаев, Әлібек Қасым, Нұралы Әліп (К), Сұлтанбек Астанов​, Рамазан Оразов (Дамир Қасаболат, 58), Серікжан Мұжықов (Муроджон Халматов, 73), Ғалымжан Кенжебек (Дастан Сәтпаев, 46), Максим Самородов,  Оралхан Өміртаев (Ислам Чесноков, 46);

Реклама
Реклама
Реклама
Реклама