Жарнама
Жарнама
Реклама
Реклама

Қазақстан құрамасының бас бапкерлігіне үміткер үш маманның есімі аталды

Редактор
10.09.2025, 11:43

Кандидаттардың арасында Самат Смақов та бар

ҚФФ

Ұлттық құраманың бұрынғы ойыншысы Вячеслав Эрбес Әли Әлиевтің отставкасынан кейін Қазақстан футбол құрамасының бас бапкері қызметіне лайық үш кандидатты атады.

Эрбестің айтуынша, бұл мәселе оңайлықпен шешілмейді, өйткені мұндай жауапты қызметті кез келген маман қабылдай бермейді.

«Егер шетелдік бапкерді шақырсақ, қыруар қаражат қажет болады. Ал нәтиже болатынына ешкім кепілдік бермейді. Мысалы, Станислав Черчесов келді, құрама бірде-бір гол соқпады, бірақ ол тыныш кетіп, қомақты қаржыны алып кетті», - деді ол Sports.kz сайтына берген пікірінде.

Футболшының пікірінше, ұлттық құрамаға жергілікті маманды тағайындау әлдеқайда дұрыс шешім болмақ, өйткені олар отандық футболдың тағдырына бейжай қарамайды.

«Кандидаттар жайлы айтсақ, бүгінде жақында ғана құраманың өзінде ойнаған жас бапкерлер бар. Мәселен, Нұрбол Жұмасқалиев – ол бұрыннан құраманың жаттықтырушылар құрамында болды. Сонымен қатар, Самат Смақов пен Рафаэль Уразбахтинді айтуға болады. Қазір олардың қарамағындағы клубтар жақсы ойын көрсетіп жүр», - деп нақтылады Эрбес.

 

Реклама
Реклама
Реклама
Реклама